Қазіргі білім ордаларына ауқымды ізденістер керек

Қазіргі білім ордаларына ауқымды ізденістер керек

Қазіргі білім ордаларына ауқымды ізденістер керек
ашық дереккөзі
− Тәуелсіздік жылдарында елі­міздің білім беру саласында көп­теген реформа жүргізілді. Со­ның ішінде педагогикалық бі­лім беретін жоғары оқу орын­дарын­да көп өзгеріс жүзеге асты. Осы орайда еліміздегі пе­да­гог даярлайтын ЖОО-лардың алдыңғы қатарында тұратын Абай атындағы Қазақ Ұлттық пе­дагогикалық университетінде жастарға заманауи білім беру­мен қатар жан-жақты тұлға бо­лып қалыптасуына ықпал ету үшін қандай жұмыстар жүр­гі­зіліп жатыр? − Жалпы, біздің оқу ордамыз Абай атындағы ұлтық педа­го­гика­лық университет болғандықтан Абай­дың «Толық адам» концеп­ция­сын қолға алып, сонымен жұмыс іс­теп жатырмыз. Абайдың «Толық адам» концепциясы ұлы ақынның бел­гілі өлеңінде айтылғандай, «Ыс­тық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жү­р­ек» қой. Сондықтан студенттерді ма­ман ретінде дайындағанда тек бі­лім берумен шектелмей, оларға болашақ тәрбие беруші ретінде қараймыз. Біздің жұмыс жоспарымыз бойын­ша жаңа жылдан кейін университетімізде «Ұлттық тәрбие» орталығы ашылады. Сол ұлттық тәр­бие аясында педагогикалық уни­вер­ситет болғандықтан мектеп­тер­мен өте тығыз байланыста жұмыс істейміз. Студенттеріміздің интел­лек­туал­дық, шығармашылық және коммуникативті даму деңгейі айтарлықтай жоғары. Өйткені біз­дің университетте оқитын жас­тар­дың өзін-өзі дамытуына мүмкіндік мол. Сол үшін студенттеріміздің шы­­ғармашылық және ұйым­дас­тыру­шылық қабілеттерін ашуға, да­мытуға тырысамыз. Болашақ педагог үшін ең маңыз­­ды аспектілер − жа­сам­паз, креативті, бастамашыл болу. Бұл дағдылардың бәрін біздің білім ордамызда үйренуге болады. Оны тек сабақ үдерісінде ғана емес, са­бақ­тан тыс қосымша үйірмелерде де үй­ретіп, олардың бос уақытын тиім­ді пайдалану үшін жұмыс істейміз. Бүгінде әрбір жоғары оқу ор­ны­ның жанында студент­тік өзін-өзі басқару кеңесі жұмыс іс­тей­ді. Сол сияқты біздің универси­тет­те де жастар комитеті бар, ол – жас­тардың көшбасшы ұйымы. Со­нымен қатар әр жатақханада сту­дент­тік кеңестер құрылған. Одан бө­лек 40 студенттік клуб жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға өз сеп­тігін тигізіп отыр. Биыл студент­тік клубтардың саны артып, 23 жаңа клуб іске қосылды. Қараша айының 15-22-сі аралығында студенттік ап­талық өтті. Оның аясында көптеген іс-шара атқарылды. Студенттік пар­ламент құрылды. Жастар арасында ашық және парламентаризмді да­мыту − олардың құқықтық-саяси мә­дениетін қалыптастыру, жасампаз аза­маттық ұстанымы жоғары пат­риот жастар әлеуетін қалыптастыру. − Сіздердің оқу орында­рыңыз­да студенттік өзін-өзі бас­қару жүйесінің тәртібі қалай жә­не студенттерге деген әлеу­мет­­тік-психологиялық көмек қа­­лай жүзеге асып жатыр? − Қазір университетте көптеген әлеу­меттік қолдау жүйелері жүзеге асы­рылып жатыр. Бұл жұмыс келесі ба­ғыттарда жүргізіледі: жетім, мүге­дек және диспансерлік есепте тұра­тын студенттерге әлеуметтік қолдау көр­сету, білім алушыларға мате­риал­дық көмек көрсету және ынта­ландыру, оқу ақысына жеңілдіктер беру. Жыл сайын 1 500-ге жуық бі­лім алушыға түрлі жеңілдіктер көр­сетіледі. Солардың ішінде толық жетім білім алушының оқу ақысына 100 пайыз жеңілдік бар. Мәселен, был­тырғы оқу жылында 17 толық же­тім студенттің оқу ақысына 100 пайыз жеңілдік көрсетілсе, осы санат­тағы 33 білім алушыға ыстық та­мақ орнына қаржылай өтемақы та­ғайын­далды, 11 студент жатақ­ха­на­ға тегін орналастырылып, 13 то­лық жетім бітіруші түлекке киім, аяқ киім орнына ақшалай өтемақы мен бір жолғы жәрдемақы берілді. Биыл да әлеуметтік жеңілдік көрсету жұмысы жалғасады. Білім алушылар мен профес­сор-оқытушылар құрамына пси­хологиялық қызмет көрсету мақ­сатында 2019 жылдан бері «Уни­вер­ситеттің дамуына психо­л­о­гия­лық қолдау көрсету» орталығы жұ­мыс істейді. Орталықта 2 штаттық бір­лікте психолог мамандар сту­дент­терге және оқытушыларға пси­хо­логиялық көмек көрсету және жеке тұлғаларды қабылдау жұмыс­та­рын жүргізеді. Сонымен қатар, уни­верситет жанында «Call центр» орталығы жұмыс істейді. Түрлі жарыстар мен байқау­лар­ға қатысушы студенттері­міз­ге университет толықтай қар­жы­лай қолдау көрсетеді. Олар да өз ке­зегінде біздің үмітімізді ақтап жа­тыр. Мәселен, жақында Тәуелсіз­дік­тің 30 жылдығына орай Түркі­стан қаласында өткен дебатта біздің студенттеріміз бірінші орынға ие бол­ды. Сол сияқты Алтынай Қана­фия атты студентіміз Қызылорда қаласындағы айтыста бас жүлде иеленді. Бізде Оразалы Досбосынов атындағы айтыс орталығы бар. Оның басшысы – Шұғайып Се­зім­хан атты әріптесіміз. Ол жақында Қостанай қаласында өткен, Ахмет Байтұрсынұлына арналған айтыс­тан бас жүлде алып келді. − Абай университетінің стра­тегиялық бағыттарының бірі − әлеуметтік университетке ай­налу. Ол қалай жүзеге аспақ, сон­дай-ақ, университетте өзін-өзі басқаруды қаржыландыру қа­лай жүргізіледі? − Бұл бағытта бірқатар нақты қа­дамдар жасалып жатыр. Студент­тік кәсіпкерлікті дамыту мақсатын­да жуырда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық ор­нату бойынша меморандумға қол қойылды. Университет жанынан Студенттік кәсіпкерлік хабы ашыл­ды. Алдағы уақытта бизнес сала­сын­да жетістікке жеткен кәсіпкерлердің қатысуымен түрлі тренингтер мен семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Студенттер арасында еріктілер қозғалысын дамытуға ерек­ше ден қойып отырмыз. Қазір уни­вер­ситет қабырғасында 5 ерік­тілер қоз­ғалысы жұмыс істейді. Олар – «Ізгілік елшісі» жобасы, «Мейірім» қайырымдылық клубы, «Лидер» ерік­тілер үйірмесі, Алматы қалалық «Ерік­тілер лигасының» ұяшығы жә­не «Шуақ» еріктілер тобы. Жастар арасында еріктілікті дамыту мақсатында «Қо­ғамға қызмет ету»/ «Служение общес­тву» қосымша пәнін оқытуды да қолға алып жатырмыз. Жақында Назарбаев уни­вер­ситетімен бірігіп жиналыс өт­кізген болатынбыз, сол кезде олар­да студенттік қор бар екенін біл­дік, енді біз де сондай қор құр­ға­лы отыр­мыз. Студенттік қор құру мәсе­лесінің негізгі себебі − қазір көп­теген студент бізге өздерінің жо­баларын ұсынып отыр. Олардың бәрі­не қолдау білдіру үшін, әрине, қар­жы керек. Сондықтан өз түлек­теріміздің қолдауымен «Эндаумент қорын» құрмақпыз. Он­дай қор құру – шетелде кең тараған тәжірибенің бірі. Әрине, университет түлектері өз­дері түлеп ұшқан білім ор­­дасына қаржылай қолдау білдіріп жа­тады. Бірақ ол ақша оқу орнының жөн­деуіне, белгілі бір іс-шараларға жұм­салады. Ондай болмас үшін қор құры­лып, оған жиналған қаржы ин­­­вестицияға жұмсалады. Сосын ин­вестициядан түскен пайда ғана оқу орнының қажетіне жұмсалады. Түлектер қорының ерекшелігі осы. Біз де соны жаңа жылдан соң жүзеге асырмақпыз. Кезінде АҚШ-та «Болашақ» бағ­­дарламасымен оқыға­ным­да осындай қорлардың қалай жұ­мыс істейтінін көрдім. Сосын бір қы­зығы, мәселен белгілі бір уни­вер­си­теттің түлегі Microsoft, Google сияқ­ты ірі корпорацияларды жұмыс істеп жүріп, өзі оқыған универси­тет­тің түлектер қорына 100 доллар жі­берсе, ол жұмыс істеп жатқан ком­пания да сол қорға 100 доллар ау­дарады екен. Сөйтіп әлгіндей уни­верситеттер ондай қаржыны ин­вес­тицияға жұмсап, одан түскен таза пай­даға профессор-оқыту­шы­лары­ның жалақысын көтереді немесе оқу орнына қажетті зертхана салып жатады. − Қазір жатақхана тапшылы­ғы еліміздегі барлық ЖОО-лар үшін өзекті проблемалардың бірі екені анық. Осы мәселе сіз­дер­дің оқу орындарыңызда қа­лай ше­ші­мін тауып жатыр? − Жалпы, біздің университетке қа­расты бес жатақхана бар. Сол бес жа­тахқанада 1 287 орын бар. Ол орын­­­­­дарға студенттерді орна­лас­ты­руда. Негізінен бірінші курс сту­дент­теріне жатахқана алдымен беріледі жә­не олардың отбасылық әлеумет­тік жағдайлары есепке алынады. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­го­ги­калық университеті» КЕАҚ-ға қа­рас­ты жалпы сыйымдылығы 1 287 білім алушыға арналған 5 жа­тақ­хана бар. Білім алушыларды жатақханаға ор­наластыру жұмыстары автома­т­тан­дырылған «Универ» жүйесі бойынша жүргізіледі. «Универ» жүйесіне түс­кен өтініштерді Қазақстан Білім жә­не ғылым министрінің 2016 жыл­ғы 22 қаңтардағы № 66 бұйры­ғы­ның 2 тармағына сәйкес арнайы ко­миссия құрамы қарастырып, осы бұй­рықта көрсетілген әлеуметтік ка­те­горияларға сәйкес орын бері­леді. Әлеуметтік категорияға сәй­кес ке­летін – 1 222 бірін­ші курс студентіне жатақханаға жол­дама берілді. Алайда 1-курс сту­­дент­тері 1 семестрде онлайн оқуға жі­берілуі­не байланысты 2-4 курста оқи­тын 410 студентті жатақханаға ор­наластырдық. Сонымен қатар пан­демия жағдайына байланысты ел­деріне қайта алмаған шетелдік 26 сту­дент және халықаралық келісім ар­қылы оқуға түскен 3 студент жа­тақ­ханада тұрады. Биыл университеттегі жатақ­хана тапшылығын ескере оты­рып, университет басшылығы 156 орынға жалдамалы жатақха­на­ны жалға алып отыр. Алдағы уа­қыт­та тағы 200-ге жуық орынға жал­да­малы жатақхана алуды қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ, арнайы хос­тел­дермен келісіп қойдық, онда ба­ла­ларға қажет тағы да 100 орын алу мәселесі шешілген. Сонымен қатар Шолохов кө­ше­сі бойынан жатақхана салу­ға орын алу үшін Алматы қала­сы әкімдігімен бірлесіп, сол жерде тұра­тын халықпен қоғамдық тың­дау өткізбекшіміз. Егер мәселе оң­тай­лы шешілсе, сол жерден 300-ден астам студент тұратын жатақхана салу жоспарда бар. − Жастарға адамгершілік тұр­­­ғыдан дұрыс тәрбие беру жө­нін­де не айтар едіңіз? − Жаңа жылдан кейін бізде «Ұлт­тық тәрбие орталығы» ашыл­мақ. Сол орталық аясында орта мек­­­тептермен тығыз байланыс жасаймыз. Қазір мектептерде гаджеттердің әсері күшті. Тіпті, ЖОО-дағы сту­дент­­тердің назарын білім мен тәр­бие­ге толық бұрудың өзі оңай емес. Олардың назарын өзіне тарту үшін білім-тәрбие мекемелеріне Google се­кілді трансұлттық алпауыт ком­па­ниялары күшті бәсекелес болып отыр. YouTube, Instagram секілді же­­лілер де өздеріне қатты қызық­ты­рады. Сондықтан мектеп оқушы­лары мен ЖОО студенттерін білімге қы­зықтыруда заманауи құралдарды, оның ішінде смартфондарды тиімді пайдаланудың жолын табу керек. Демек, қазіргі білім беру мекеме­лері­не өте ауқымды ізденістер керек.

Сұхбаттасқан Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ