Тараздық әйел жын-шайтаннан тазартамын деп үйіне қап-қап тұз төгіп тастаған

Тараздық әйел жын-шайтаннан тазартамын деп үйіне қап-қап тұз төгіп тастаған

Тараздық әйел жын-шайтаннан тазартамын деп үйіне қап-қап тұз төгіп тастаған
ашық дереккөзі
Таразда көп қабатты үйдің тұрғындары жын-шайтаннан тазартамын деп үйіне қап-қап тұз төгіп тастаған көршісінен үрейленіп отыр. Соңғы кезде әйел тұзды есіктің сыртына дейін төгетін болған. Бұған наразы тұрғындар дәрігер мен полиция шақырған, деп хабарлайды Turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Тұрғындардың сөзінше, көрші әйел бұрыннан бері кіреберіске, есік-терезеге тұз себеді. Бірақ ешкімді үйіне кіргізбейді. Ал кейінгі 3 айда ол пәтеріне 50 келі тұз кіргізген. Одан бөлек, келіншек күн сайын тұрғындардың мазасын алатын көрінеді.
“Денесінде жаралар пайда болған, денесі шіріп жатыр. Ол бізді секта деп ойлайды. Ол өз айналасын тұзбен тазартып осы арқылы шайтандарды қуып жүр. “Мен осылай шайтандарды үйден шығарамын” дейді бізге. “Бірақ шайтандар шықпай жатыр” дейді. Сол үшін тұзды барған сайын көптеп сатып алып жатыр”, – дейді көршісі Алия Қалауова.
Тұздан басқа да көршілерді алаңдататын проблемалар бар. Полиция да, дәрігерлер де шағымдарға жауап бермеген. Тек әйел көршілеріне тиісе бастағаннан кейін оны психикалық диспансерге алып кеткен.
“Психиатриялық стационарға пациенттің өміріне қауіп төндіретін адамдар ғана жеткізіледі. Немесе басқаларға қауіп төндіретін жағдайда. Басқа жағдайларда барлық психикалық аурулары бар психиатриялық науқастар тұрғылықты жері бойынша учаскелік психиатрлардың бақылауында болады”, – дейді Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Құлзахира Қызғараева.
Әйел бұрыннан бері тіркеуде тұрғаны анықталды. Оның анасы мен ағасы бар екен. Бірақ көршілері туыстарын таба алмаған.