Мюнхенде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әуе бомбасы жарылды

Мюнхенде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әуе бомбасы жарылды

Мюнхенде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әуе бомбасы жарылды
ашық дереккөзі

Мюнхенде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әуе бомбасы жарылды, деп хабарлайды Turkystan.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға Мюнхендегі Доннерсбергербрюке теміржол станциясының жанындағы Deutsche Bahn концернінің құрылыс алаңында болған. Жарылыс салдарынан кем дегенде төрт адам зардап шекті. Жараланғандардың бірі ауыр жарақат алған. Оқиға орнына көптеген өрт сөндіру машиналары, екі тікұшақ және ондаған құтқару қызметкерлері келді.