Пирамида: СҚО-да алаяқтар «Шаңырақ+» бағдарламасымен баспана береміз деп алдаған

Алаяқтар «Шаңырақ+» бағдарламасы аясында тұрғын үй алып береміз, көлік сыйлаймыз деп сендіріп, салымшыларды қызықтырған. Бағдарламаға қатысу үшін әрбір тұрғын 103 доллар жарна төлеген. Соңында жер сипап қалған. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, ұйым заңсыз әрекетін Қызылжар өңірінде ғана емес, бүкіл ел аумағында іске асырған.

СҚО Экономикалық тергеу департаментінің бақылау және ұйымдастыру басқармасының басшысы Виктория Алпеева: «Компанияның талабына сәйкес, салым жасаған әрбір адам қосымша танысын тартуы тиіс болған.  Бұл ұйымның жұмысында қаржылық пирамиданың белгілері анықталды. Олардың жұмысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл – биыл қаржы пирамидасына қатысты қаралып жатқан алғашқы іс», – деді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button