Еліміздің бірқатар өңірінде ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа сапасы нашарлайды - Қазгидромет
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 1 желтоқсанда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды. Синоптиктер мәліметінше, сәрсенбі күні 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (бір немесе бірнеше ластаушы зат концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан 3-тен жоғары асуы) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында күтіледі. Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.