Әйелінен кешірім сұрау үшін дүкеннен гүл ұрлаған азамат ұсталды

Әйелінен кешірім сұрау үшін дүкеннен гүл ұрлаған азамат ұсталды

Әйелінен кешірім сұрау үшін дүкеннен гүл ұрлаған азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысының тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін әйелінен кешірім сұрау үшін дүкеннен гүл ұрлаған. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 25 қарашада Қаратал ауданы Үштөбе қаласынан шағым түсті. Сатушы қоңырау шалып, гүл дүкенінен гүл ұрланғанын айтқан. Әйел ұрының түр-әлпетін есте сақтап қалып, полицейлерге оны сипаттап берген. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол Үштөбенің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ақшасы жетпегендіктен, жарынан кешірім сұрау үшін осындай қадамға барғанын мойындады.

«Ол әйеліне голландиялық раушан гүлдерді сыйлап, онымен татуласып, кінәсін жуып-шаймақ болған», – деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті.