16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған экс-депутатқа қатысты сот үкімі шықты

16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған экс-депутатқа қатысты сот үкімі шықты

16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған экс-депутатқа қатысты сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі бойынша ұсталған мәслихат депутатына қатысты сот үкімі шықты, - деп жазды "Диапазон". Аркадий Ни бір жыл бұрын ұсталды. Ол Ақтөбеде 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынаста болды немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасады деген күдікке ілінді. Белгілі бизнесмен, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясының мүшесі Аркадий Нидің ұсталғаны туралы мәлімет әлеуметтік желілерде, БАҚ-та пайда болған еді.
Ratel.kz порталының мәліметінше, бизнесмен «кәмелет жасына толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті» деген күдікке ілінген. Сол әрекеті үшін, яғни қыздың пәктігі үшін бизнесмен 1 миллион теңге төлеген делінеді. Ал кейінгі жыныстық қатынастары үшін бизнесмен 50 мың теңгеден төлеп тұрғаны айтылады. А.Ни ұсталғаннан кейін партиядан шығарылды. Басылым мәліметінше, сот үкімі шықты. Үкім бойынша, Аркадий Ни ақталып шықты, сот қылмыс құрамы болмағанын анықтаған. Қылмыстық істер жөніндегі арнайы соттың мәліметінше, сот сараптамасы бойынша жыныстық қылмысқа тән ешқандай объектив деректер анықталмаған. Аркадий Ниге жала жабылған болып шықты.  Сот мәліметінше, қыздың анасы танысы арқылы кәсіпкермен байланысып, ақша табу мақсатында оған ауыр қылмыс жасады деп айып таққан. Қызын да «депутат зорлады» деп айтуға мәжбүрлеген. Сотта жәбірленуші қыз зорланбағанын мәлімдеді. Нәтижесінде, айып тағылған депутат пен оған көмектесті делінген тағы бір әйел толық ақталып шықты. Ал қыздың анасы алты жылға сотталды, кішкентай баласы болғандықтан, жазасын 5 жылдан кейін өтейді. Басылым мәліметінше, Аркадий Ни «Рокос» ірі компаниясының басшысы және теннис федерациясының бөлімшесін басқарады. Ол Ақтөбедегі Батыс-2 ықшамауданында теннис орталығын салған.