«Мектепте бомба бар»: Ашық сабаққа дайын болмаған мұғалім жалған хабар берген

«Мектепте бомба бар»: Ашық сабаққа дайын болмаған мұғалім жалған хабар берген

«Мектепте бомба бар»: Ашық сабаққа дайын болмаған мұғалім жалған хабар берген
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында ашық сабаққа дайын болмаған мұғалім полицияға «мектепте бомба бар» деп жалған хабар берген.  КТК телеарнасының хабарлауынша, мектеп басшылығы оқу процесін тоқтатуға мәжбүр болған, 300 адам қауіпсіз жерге шығарылады. Ал жалған хабар берген ұстаз балаларды эвакуациялауға көмектесіп жүрген.
Шу ауданының жас мұғалімі басшылар алдында өзінің біліктілігін көрсетуге тиіс болған. Бірақ оған еш дайындықсыз келген соң, сабақты тоқтату үшін осындай айла ойлап тапқан. Білім ошағында жарылғыш зат бар екені жарияланған соң, күш құрылымдары жедел жетіп, ұстаздар мен оқушыларды дереу далаға шығарып, ғимаратты тінтіп шыққан. Бірақ күдікті ештеңе табылмады. Есесіне, жалған мәлімет берген азамат жылдам анықталды: мектептің 25 жастағы жас маманы. Бүкіл мектепті дүрліктірген ұстаз қызметінен кетті, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

"Шу ауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталып, кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша күдікті ҚР ҚПК 128,131-баптарының талабына сәйкес Шу ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды", - деді Шу ауданы ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Асхат Бақбергенов.