Сертификатының мерзімі өткен: Петропавл әуежайы жабылды

Сертификатының мерзімі өткен: Петропавл әуежайы жабылды

Сертификатының мерзімі өткен: Петропавл әуежайы жабылды
ашық дереккөзі
Петропавл әуежайының қауіпсіздік сертификатының мерзімі өтті. Осыған байланысты Қазақстанның солтүстігіне бағытталған рейстер тоқтатылды, - деп хабарлайды Петропавловск.news Qazaq Air компаниясының сайтында Петропавлға бағытталған рейстер тоқтатылғаны хабарланған.

"Петропавл әуежайының жарамдылық сертификатының қолданылуын тоқтауына байланысты 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығында барлық рейстің (IQ437 және IQ438) тоқтатылатыны туралы хабарлайды", - делінген Qazaq Air авиакомпаниясының сайтында.

Жолаушыларға билет құнын толық қайтару ұсынылды. Қайтару билеттерді сатып алу орны бойынша жүзеге асырылады. Тамызда Qazaq Air әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан - Петропавл және кері бағыт бойынша әуе қатынасы жаңартылған. Жергілікті басылым мәліметінше, желтоқсанға жоспарланған Петропавл - Омск - Новосібір бағыты бойынша халықаралық рейстер кестеден жоғалып кеткен. Басылым мәліметінше, SCAT әуекомпаниясының сайтында әзірше Түркістан - Петропавл бағыты бойынша билет сатып алуға болады, бірақ ол да жақын арада өзгеруі мүмкін.