Әлем чемпионы титулы: Данияр Елеусіновтің жаңа қарсыласы белгілі болды

Әлем чемпионы титулы: Данияр Елеусіновтің жаңа қарсыласы белгілі болды

Әлем чемпионы титулы: Данияр Елеусіновтің жаңа қарсыласы белгілі болды
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жектегі қарсыласы ауысты, – деп жазды Sports.kz. Boxrec.com сайтының мәліметінше, Елеусіновтің жаңа оппоненті аргентиналық Хуан Эрнан Леаль (15-1, 4 КО) болмақ. Жекпе-жек он екі раундқа есептелінген, олар IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы вакантты титулы үшін айқаспақ. Еске сала кетейік, әуеліде Данияр Елеусінов мексикалық боксшы Данте Хардонмен (34-7, 25 КО) жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда ол спарринг кезінде қолын сыдырып алды. Д.Елеусінов — Леаль жекпе-жегі 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтпек. Данияр соңғы рет шаршы алаңға бір жыл бұрын 2020 жылғы қарашада шыққан болатын. Онда ол Джулиус Индонгоны (23-4, 12 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.