Андрей Климов: «Nur Otan» партиясының тәжірибесін мұқият қараймыз

Бұл туралы «Единая Россия» партиясының Бас кеңесі Хатшысының орынбасары Андрей Климов «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форумында айтты.  

«Біздің осындай достарымыз, серіктестеріміз барына қуанамыз, ол біз үшін маңызды. Партиямыздың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Жоғарғы комиссиясының жетекшісі, РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ресей мен Қазақстан: шекарасыз ынтымақтастық» атты мақала жазды. Онда былай деген: «Ресей-Қазақстан «байланысы» еуразиялық интеграциялық процестің негізгі элементінің ажырамас рөлін атқарады. Оның идеялық шабыттандырушысы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», – деді Андрей Климов.

Оның айтуынша, екі елдің бас партиялары бірдей уақытта құрылды, азғандай уақытты есептемегенде құрдас.

«Сондықтан өзіміз көтеруге мәжбүр болған мәселелердің көбіне біздің жетекші саяси күштеріміздің тәжірибесін ескере отырып шешуге болатыны маңызды. Мысалы, партия жобаларының сынағы. Бұл жерде біз Nur Otan партиясының тәжірибесін мұқият қараймыз. Солардың бірі – «Единая Россия» партиясында және Nur Otan партиясының тәжірибесінде қолданылған алдын ала дауыс беру – праймериз. Бұл біздің екі жақты партияаралық іс-шараларымыз, халықаралық партия алаңдарындағы өзара іс-қимылымыз», – деді «Единая Россия» партияның өкілі.

Андрей Климовтың айтуынша, «Единая Россия» Nur Otan-ның қоғамдық қабылдаудағы тәжірибесін мұқият зерттеп жатыр.

«Единая Россия» партиясы да сондай тәжірибе жинап жатыр. Волонтерлік қозғалыстар біздің басты назарымызда екені даусыз. Мұнда да сіздердің үлгі аларлық жетістіктеріңіз бар, біз оны да мұқият үйреніп жатырмыз.

Жастар тобын дамыту да біздің басты назарымызда. Әрине, бұл – біз жұмыс істеп жатқан Қоғамдық саясат институты. Бізде соған баламалы механизм бар. Ол – Халықаралық партияаралық сарапшылар тобы деп аталады. Осы екі сараптамалық жүйенің өзара іс-қимылы аясында біз бірлесе атқаратын әлі де көп іс бар деп үміттенемін», – деді Андрей Климов.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 29-30 қарашасында Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форумы өтті. Іс-шараға 600-ден астам шетелдік және отандық сарапшылар, саяси партиялардың, халықаралық ұйымдардың және 15 елдің, оның ішінде Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа, Түркия, Әзербайжан және Орталық Азия дипломатиялық корпусының өкілдері сайлау жүйелерін дамытудың өзекті мәселелерін, заманауи электоралдық трендтерді, дәстүрлі және балама идеологиялардың келешегін талқылау үшін панельдік сессияларға қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button