Қазақстан Еуропа Одағындағы кейбір елдерде жоқ нәтижеге қол жеткізді – Том Ван Дайк

Қазақстан Еуропа Одағындағы кейбір елдерде жоқ нәтижеге қол жеткізді – Том Ван Дайк

Қазақстан Еуропа Одағындағы кейбір елдерде жоқ нәтижеге қол жеткізді – Том Ван Дайк
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда “Nur Otan” партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форумда Еуропалық Кеңестің өкілі Том Ван Дайк Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, әлемнің саяси аренасындағы Қазақстанның орны, “Nur Otan” партиясының маңызды қадамдары туралы пікірін айтты. - Бірінші кезекте сіздерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтағым келеді. Нұрсұлтан Назарбаев мырза төраға болған, сондай-ақ Бауыржан Байбек орынбасарлық ететін "Nur Otan" партиясы елді өте маңызды өзгерістерге бастады. Соңғы 25-30 жылда саяси ландшафт Қазақстанда ғана емес, жалпы бүкіл әлемде айтарлықтай өзгергенін түсіну керек. 1997 жылдан бастап Қазақстан үнемі Еуропа Кеңесімен тығыз қарым-қатынаста болды, соңғы екі жылда бұл қатынастар беки түсті. Қазақстан Вена комиссиясына кірді. Сонымен қатар, өлім жазасын жою мәселесінде маңызды қадам жасады. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы - Қазақстан белсенді қатысатын тағы бір маңызды комиссия. Қазақстанның көп ескеріле бермейтін тағы бір жетістігі - көршілерімен тату болуы. Сондай-ақ, әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квотаны енгізу, праймериз өткізу де өте маңызды жетістік. Халықаралық гендерлік теңдік мәселесіне байланысты тіпті ЕО-ның кейбір елдері де мұндай нәтижеге қол жеткізе алмады және сіздерден үлгі алуы мүмкін деп ойлаймын, - деді сарапшы. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 29-30 қарашасында Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форумы өтті. Іс-шараға 600-ден астам шетелдік және отандық сарапшылар, саяси партиялардың, халықаралық ұйымдардың және 15 елдің, оның ішінде Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа, Түркия, Әзірбайжан және Орталық Азия дипломатиялық корпусының өкілдері сайлау жүйелерін дамытудың өзекті мәселелерін, заманауи электоралдық трендтерді, дәстүрлі және балама идеологиялардың келешегін талқылау үшін панельдік сессияларға қатысты.