Петропавлда саяжай учаскелері тұрғындарға тегін беріліп жатыр

Петропавлда саяжай учаскелері тұрғындарға тегін беріліп жатыр

Петропавлда саяжай учаскелері тұрғындарға тегін беріліп жатыр
ашық дереккөзі
Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, жер қатынастары бөлімінің мамандары бау-бақша серіктестіктерінің төрағаларымен бірге жүйелі түрде жұмыс істеп, бос жатқан жер учаскелерін анықтап жатыр. Биылдың өзінде Петропавлдағы «Вишенка», «Лесовод», Легенда», «Борки», «Ромашка СК» және «Фаза» саяжай серіктестіктерінде 644 иесіз учаскені анықтады. Олардың барлығы есепке алынды. Бұл жұмыс 2019 жылдан бері жүзеге асып келеді. Осыдан екі жыл бұрын 107 учаске анықталса, былтыр иесіз жылжымайтын мүлік ретінде 90 учаске тіркелген. «Қала маңында бақша егуді сақтап қалу үшін барлық учаскеге түгендеу жүргізуді тапсырдым. Биыл 644 жер учаскесі анықталып, иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қойылды. Қазірдің өзінде қала тұрғындарының иелігіне бақшамен айналысуға 285 учаске берілді. Барлық рәсім тегін жүргізіледі», - дейді Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков. 2019 жылы қалалықтарға бау-бақша серіктестіктерінен – 161, былтыр 164 жер учаскесі тегін үлестірілді. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта Петропавлда сайжай учаскелерінің саны 47 мыңнан асады. Иесіз жер учаскелерін анықтау жұмысы алдағы жылдары жалғасады.