Омикрон: елімізде коронавирустың жаңа штаммы анықталған жоқ

Омикрон: елімізде коронавирустың жаңа штаммы анықталған жоқ

Омикрон: елімізде коронавирустың жаңа штаммы анықталған жоқ
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов елімізде омикрон штаммы анықталмағанын айтты. «Бүгінде Қазақстанда омикрон штаммы анықталған жоқ. Вирусты секвенациялау жалғасып жатыр. Бұл жұмысты ай сайын тұрақты жүргізіп келеміз. Бүгін Үкімет отырысында аталған штаммдарды секвенациялау жұмысын жалғастыру әрі жандандыру туралы қосымша шешім қабылданды. Таяу уақытта, шамамен желтоқсанның үшінші онкүндігінде бұл процедуралардың нәтижесін білетін боламыз. Әзірше тіркелген жағдайлардан омикрон штамының ПТР тестілеуге сезімтал екендігі, оны анықтауға болатыны белгілі. Демек ПТР тестілеу барлық пациенттен штаммды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін вирус секвенациясына қосымша зерттеу жүргізу қажет. Бұл үлкен жұмысты қажет етеді. Шамамен 2-4 апта кетеді. Сондықтан бұл жұмысты бастадық. Желтоқсанның соңында Қазақстан аумағында айналымда жүрген штамм түрлеріне қатысты толық картина қолымызда болады», - деді вице-министр.