Халықаралық конференция өтті
Халықаралық конференция өтті
Қарашаның 26-сы күні, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Креативті кеңістіктегі жастардың шығармашылық бірлестіктері: стратегиялар, білім беру ортасы, іске асыру тетіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитетінің мүшесі Елнұр Бейсенбаев, Алматы қаласы креативті индустрия Басқармасының басшысы Қайсар Сарыбаев, British Council Орталық Азия бойынша өнер және креативті экономика жөніндегі жобалардың жетекшісі Галина Корецкая, Creative Bureau-дің құрылтайшысы (Алматы қ.) Кристина Бекмурзаева, философия докторы (PhD), Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ғылым жөніндегі кеңесінің мүшесі, әлеуметтік кәсіпкер Сабина Акжарова және ғалымдар, магистранттар мен студенттер қатысты.