Мысырмен әуе қатынасы тоқтатылады

Мысырмен әуе қатынасы тоқтатылады

Мысырмен әуе қатынасы тоқтатылады
ашық дереккөзі

3 желтоқсаннан бастап Мысырмен әуе қатынасы тоқтатылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды Turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бельгияда Мысырдан келген адамнан «Омикрон» штаммының коронавирус инфекциясы жағдайының анықталғанын және Мысырдан келетін жолаушылар санын ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасын тоқтатыла тұрады», - деді бірінші вице-министр.
Сонымен қатар Марат Шоранов Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген короновирус инфекциясы штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстары жалғасатындығын атап өтті. Бұған дейін бірінші вице-министр «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын байланысты осы жылғы 3 желтоқсаннан бастап елімізде бірқатар шектеу іс-шарасы енгізілетіндігін айтқан еді.