Лионель Месси жетінші рет «Алтын доп» иегері атанды (видео)

Франциялық «Пари Сен-Жермен» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси жетінші рет «Алтын доп» иегері атанды.

Франция астанасы Парижде дәстүрлі «Алтын доп» жүлдесін табыстау рәсімінде аргентиналық футболшы бұл атаққа лайық деп танылды.

Айта кетерлігі, әйгілі France Football журналы табыстайтын мәртебелі сыйлық иегерін әлемдегі 176 елдің спорт журналистері дауыс беру арқылы анықтайды. Ең көп дауысқа ие болған 34 жастағы Лионель Месси  осымен жетінші рет «Алтын допты» иеленді. Бұған дейін ол бұл марапатты 2009, 2010, 2011, 2012, 2015 және 2019 жылдары жеңіп алған болатын. Бұл – «Алтын доп» тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» және Португалия командасының ойыншысы Криштиану Роналду бұл марапатты бес рет иеленген болатын.

Биыл жүргізілген дауыс беру нәтижесі бойынша «Бавария» мен  Польша құрамасының футболшысы Роберт Левандовский екінші орын, ал «Челси» мен Италия құрамасының аяқдоп шебері Джорджиньо үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Роберт Левандовский France Football журналы биыл бірінші рет ұсынылған «Үздік шабуылшы» атағын жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button