Жаңалықтар

Аш қарынға жеуге болмайтын 10 азық-түлік

ашық дереккөзі

Аш қарынға жеуге болмайтын 10 азық-түлік

Банан Бананның адам ағзасына тигізетін пайдасы көп болса да, оны таңғы рационға қоспаған абзал. Оның магнийге бай екені белгілі, ал құрамында аталған элемент көп кездесетін азық-түлікті аш қарынға жесеңіз, жүрек-қан тамыр жүйесіне салмақ түседі. Цитрусты жемістер Цитрусты жемістердің құрамындағы қышқылдар аш қарынға түскенде асқазанды қыжылдатады, сонымен қатар аллергия, гастрит немесе асқазанның ойық жарасына әкеп соқтыруы мүмкін. Құрамында ашытқы бар өнімдер Таңғы асқа хош иісті бәліш жеуден бас тарту қиын, бірақ оның құрамындағы ашытқы асқазанды тітіркендіріп, ішекте газ түзілуіне себеп болуы ықтимал. Тәттілер Таңертеңнен тәтті жеуге асықпаңыз: оянғаннан кейін ұйқы безі қанттың артық мөлшерінің әсерінен инсуллинді жеткілікті түрде бөле алмауы мүмкін, бұл қышқыл-негіз балансының бұзылуына әкеп соғады. Қызанақ Қызанақ - дубиль қышқылына бай, аш қарынға жесеңіз, асқазан жарасының пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Қияр Таңертең асқазан сөлінің жеткілікті мөлшері әлі бөлінбеген кезде, ағза қиярдың құрамына кіретін қышқылдарды ұзақ уақыт бойына ыдыратады. Осыған байланысты жағымсыз сезім пайда болуы мүмкін. Яғни сүйікті қияр-қызанақ салатын таңертең жемегеніңіз дұрыс. Қышқыл сүт өнімдері Шындығында, ашытылған сүт өнімдерін аш қарынға тұтыну көп зиян келтірмейді, бірақ олардың пайдасы да аз. Тамақтанар алдында тұтынған мұндай өнімдердің құрамындағы пайдалы бактерияларды асқазан сөлі жойып жібереді. Алмұрт Алмұрт - десерт ретінде жеуге таптырмас жеміс, бірақ таңғы асқа емес. Оның құрамында бос асқазанның шырышты қабығын зақымдауы мүмкін талшық көп. Ащы дәмдеуіштер Ащы дәмдеуіштер асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді және асқазан сөлінің шамадан тыс бөлінуіне әсер етеді, асқазан-ішек жолдары ауруларының дамуына ықпал етеді. Газы бар сусындар Газдалған сусындар одан кейін ішкен тамақтың сіңуін қиындатады. Сонда аш қарынға не жеуге болады? Пайдалы сұлы, қарақұмық ботқасын немесе суға пісірілген жұмыртқа жеңіз. Сұлы асқазанның шырышты қабығына пайдалы, сонымен қатар холестеринді төмендететін талшықтан тұрады. Қарақұмық ботқасы ас қорыту жүйесін жақсартады және денені темір, ақуыз және дәрумендермен байытады. Сонымен қатар, жұмыртқаның да пайдасы көп, ол сізге күн соңына дейін жететін энергия береді.

А. Шахмардан