Түркістандық полицейлер 5-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды

Түркістандық полицейлер 5-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды

Түркістандық полицейлер 5-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды
ашық дереккөзі

Түркістандық полицейлер 5-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына түнгі сағат 02:00 шамасында жергілікті тұрғын хабарласып, көрші әйелге көмек қажет екенін хабарлаған. Оның айтуынша, көрші тұратын ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шыққан. Ақпаратты алысымен оқиға орнына шұғыл патрульдік полицияның экипажы шығып, тез арада іске кірісті. Үйдің отағасы есікті ашудан бас тартқан. Ал ішкі жақтан әйелдің “көмектесіңдер!” деген дауысы шыққан. Есікті бұзып кіруден басқа амалы жоқ полицейлерді бесінші қабаттағы балконнан секіріп кетпек болған үй иесінің әрекеті тоқтатқан. Амалын тауып, балкон арқылы үйге кірген полицейлер ер адамды құтқарып қалған.