Әйелін өртеп жіберген Павлодар тұрғыны 8 жылға сотталды
Әйелін өртеп жіберген Павлодар тұрғыны 8 жылға сотталды
Биыл 8 тамызда Павлодар облысы Розовка ауылында әйелін өртеп жіберген ер адам 8 жылға сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.
17 тамызда жәбірленуші №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Біріншіден, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 107-бабы бойынша тергеліп, жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен қайта дәрежеленіп, шешім шықты.
Марқұм әйелдің анасы сотта күйеу баласын қорғап сөз сөйледі.
«Күйеу баламды қудалап, отбасымызға қатысты түрлі жазба жазуларыңызды доғаруды сұраймын. Біз күйеу баламыздың жазасын өтеп, тезірек бостандыққа шығуын қалаймыз, өйткені оның үш қызы бар, олар кішкентай. Ол жақсы адам», – деді марқұмның анасы.