Уланып қалған: Ақтөбеде көлік ішінен екі адамның мүрдесі табылды

Ақтөбеде көлік ішінен екі адамның денесі табылды. Болжам бойынша олар газдан уланған, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласындағы №7 гараж кооперативіне тиесілі гараждардың бірінде «ВАЗ-21099» автокөлігінен 50 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылды.

«Болжам бойынша олар уланып көз жұмған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Газ немесе көміртегі тотығы (CO) қауіпті. Оның түсі де, дәмі де, иісі де жоқ болғандықтан алғашында айтарлықтай әсері болмайды. Ішкі организмге енген уақытта адам улана бастайды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button