90 жылда туған тілін ұмытпаған: АҚШ-тағы ғасыр жасаған қандасымыз өмірден өтті

90 жылда туған тілін ұмытпаған: АҚШ-тағы ғасыр жасаған қандасымыз өмірден өтті

90 жылда туған тілін ұмытпаған: АҚШ-тағы ғасыр жасаған қандасымыз өмірден өтті
ашық дереккөзі

АҚШ-та ғасыр жасаған қандасымыз өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Марқұм қырық жылға жуық АҚШ-та өмір сүрген. Ол елден небәрі 10 жасында әкесімен бірге кетуге мәжбүр болған. Туған жерінен жырақ кеткеніне 90 жылдан асса да Әсия Сардарбекқызы ана тілін ұмытпаған.

«Менің анам 27 қараша (Нұр-Сұлтан уақытымен 28 қараша) күні кешке қарай қайтыс болды. Сағат 17:22 жүріп кетті. Ұл-қыздары, немере-шөберелерінің бәрі қасында болды. Анам туған елін сағынып өтті. 30 қараша күні ақтық сапарға шығарып саламыз, түстен кейін мейрамханада асын беріп, құран оқимыз. Анам пневмониядан ауруханада қайтыс болды», - деді Әсия апаның қызы Рона Амири Нассири.

Әсия Сардарбекқызы екі рет қуғынға ұшыраған. Большевиктер қазақ даласындағы байларды сібірге айдап, дүниесін кәмпескелегенде Шу ауданынан қашып, Ауғанстанға өтуге мәжбүр болған. Кейін Әсия Ауғанстан патшасының әулетіне келін атанады. Алайда, 1979 жылы Кеңес әскері Ауғанстанға басып кіргенде 5 баласын қалайда аман алып қалуды ойлаған қазақ қызы амалсыз құрлық асуға мәжбүр болған.

 

Әсия Сардарбекқызының артында жиырмадан астам немере, отызға жуық шөбересі қалды.

«Анамның жасы паспорт бойынша 105-те. Ал шын жасы одан да үлкен. Ол соңғы кездері алтыншы рет ауырып, ауруханаға түскен еді. Дәрігерлер анамның өмір сүруге құлшынысы жоғары, сүйегі мықты екенін айтты. Олар бұндай жаста адамның пневмониядан тез өліп кететінін, ауруға қарсы көп уақыт шыдағанын айтты. Анам өміріне риза, қайтыс болған күні барлық ұрпағы аурухананы «жаулап» алдық. Анам Қазақстан туралы көп айтып кетті, елін сағынып өтті. Қазақстанның амандығын тілеп отыратын. Соңғы күндері тамақ ішуден қалды. Ұрпағы Аллаға тауба, аз емес, бақытты ғұмыр кешіп жатыр», - деді Американың Вирджиния штатында тұратын қызы.  

А. Шахмардан