Тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қаржы пирамидасының белгілері бар «Crowd 1» компаниясыныңы қызметін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін «Crowd 1» халықаралық желілік ұйымы ретінде таныстырып, халыққа виртуалды жер учаскелерін сатып алу бойынша құны мен түрлері бойынша әртүрлі «пакеттерге» ақша қаражатын инвестициялауды ұсынғаны анықталды.
Тергеу «пакеттердің» келесі түрлерін анықтады: ақ, қара, алтын және титан, олардың құны 99-дан 2 499 еуроға дейін жетеді. Осылайша, ұйымдастырушылар активтерді компанияға тартуды қамтамасыз етті және кепілдендірілген пайда алуға уәде беріп отырған.
Қазір аталған факті бойынша ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.