Басшылары қызметтен кетті: ШҚО-да полицей қарамағындағы әйелді зорлаған

Басшылары қызметтен кетті: ШҚО-да полицей қарамағындағы әйелді зорлаған

Басшылары қызметтен кетті: ШҚО-да полицей қарамағындағы әйелді зорлаған
ашық дереккөзі

Риддердегі уақытша ұстау изоляторының қызметкері «ауыр қылмыс жасады» деген күдікпен ұсталды. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, – деп жазды sputnik.kz.

Оған қол астында жұмыс істейтін әйелді зорлады деген айып тағылып отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиевтің ақпаратынша, ұсталған полицей ҚПК 128-бабы тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Құқық қорғау органдарының беделін түсіретін әрекеті үшін ол жұмыстан қуылды. Ал оның тікелей басшыларына қатысты, тіпті қалалық полиция бөлімінің бастығына дейін қызметінен босату туралы шешім қабылданды», – деді Сағат Мәдиев.
Қылмыстық істің мән-жайы ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.