Сырдарияға батып кеткен көліктің ішінен жүргізушінің мәйіті табылды (видео)
Сырдарияға батып кеткен көліктің ішінен жүргізушінің мәйіті табылды (видео)
Бүгін таңғы сағат 3:55 шамасында Сырдария өзеніне Део-Нексиа автокөлігінің түсіп кеткендігі жайлы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түскен.
Aikyn.kz сайтының жазуынша, оқиға Қызылорда қаласының «Рисмаш» мөлтек ауданы тұсында орын алған. Көлік ішінде 2 адам болған. Жолаушы 1994 азамат өз күшімен жағаға шыққан. Ал көлік жүргізушісі су астында қалып қойыпты.
Оқиға басына жеткен жедел құтқару жасағының 5 қызметкері мен 1 техникасы су асты іздестіру жұмысын жүргізді. Жедел жасақ сағат 9:22 шамасында ресейлік нөмірлі Нексиа көлігін су астынан алып шықты. Көлік ішінен жүргізушінің мүрдесі табылған.
Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің мамандары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
https://youtu.be/S079GFIBeFA