WTA рейтингі: Зарина Дияс үздіктер тізімінен шығып қалды

WTA рейтингі: Зарина Дияс үздіктер тізімінен шығып қалды

WTA рейтингі: Зарина Дияс үздіктер тізімінен шығып қалды
ашық дереккөзі
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингілерінің жаңартылған нұсқасы шықты, – деп жазды Sports.kz. Тізімде Австралия теннисшісі Эшли Барти көш бастап тұрса, одан кейін Беларусь спортшысы Арина Соболенко мен Испания өкілі Гарбинье Мугуруса орналасқан. Қазақстанның бірінші ракеткасы 14-ші орынды сақтап қалды, Юлия Путинцева бұрынғыдай 42-ші орында, ал тізімде үш саты төмен түсіп, 103-ші орынға тұрақтаған Зарина Дияс үздіктер «жүздігінен» шығып кетті. Жұптық разрядта үздіктер «үштігін» бұрынғыдай чехиялық Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова және тайвандық спортшы Се Су-Вей басқарып отыр. Рыбакина өз жағдайын өзгерткен жоқ (49-шы), Алла Данилина сегіз саты жоғары көтеріліп, 75-ші болды, ал Дияс екі саты төмен түсіп, 180-ші орынға тұрақтаған.