Мемлекет басшысы Швейцарияның Федералдық Президентімен келіссөз жүргізеді

Мемлекет басшысы Швейцарияның Федералдық Президентімен келіссөз жүргізеді

Мемлекет басшысы Швейцарияның Федералдық Президентімен келіссөз жүргізеді
ашық дереккөзі
Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. «Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ. Сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр», - деп жазды Б.Уәли Facebook-тегі парақшасында.