Балабақшада көз жұмған 4 жасар қыздың өліміне қатысты полиция түсініктеме берді

Балабақшада көз жұмған 4 жасар қыздың өліміне қатысты полиция түсініктеме берді

Балабақшада көз жұмған 4 жасар қыздың өліміне қатысты полиция түсініктеме берді
ашық дереккөзі

Алматы облысы Талғар қаласындағы балабақшалардың бірінде 4 жасар қыз көз жұмды.

Бұл туралы aikyn.kz жазды деп хабарлайды turkystan.kz. Бала абайсызда моншақ жұтып қойған. Қайғылы оқиғаға байланысты Алматы облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Сот-медициналық сараптама кезінде баланың тамағынан қатты пластик зат шыққаны анықталды. Қазіргі таңда аталған оқиға қатысты Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі бойынша (Абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.