"Ондай-ондай болып тұрады". Ресейлік әнші Қазақстанда тойда мас күйінде ән айтқанын мойындады

"Ондай-ондай болып тұрады". Ресейлік әнші Қазақстанда тойда мас күйінде ән айтқанын мойындады

"Ондай-ондай болып тұрады". Ресейлік әнші Қазақстанда тойда мас күйінде ән айтқанын мойындады
ашық дереккөзі
"Евровидение - 2008" жеңімпазы, ресейлік әнші Дима Билан Қазақстанда үйлену тойында мас күйде ән айтып шықты. Блогер Біржан Әшім Instagram-дағы парақшасында салтанатты іс шарадан видео жариялады. Бұл туралы Tengrinews.kz ren.tv телернасына сілтеме жасап жазды. Әнші сахнаға той иелері мен қонақтардың алдында өнер көрсету үшін шығады. Алайда видеоның бір бөлігінде Биланның тілі бұралып, әрең сөйлеп тұрғанын байқауға болады. Кейін әртіс Instagram-да сториске шығып, мас болғанын мойындады.
"Ондай-ондай болып тұрады, білесіздер. Кейде адам ішеді. Сізде ондай болмады десеңіз, ешқашан сенбеймін. Мен үш тәулік ұйықтамадым, өйткені түсірілім, ән, музыка. Басқаша болмайды. Мен қатты шаршадым. 40-қа келдім. Өзімді нашар сезініп жүрмін. Мұны қалай түсіндіретінімді білмеймін", - деді Билан.