Жаңалықтар

Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып мерт қылды

ашық дереккөзі

Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып мерт қылды

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Қала полициясының мәліметінше, 27 қарашада сағат шамамен 20.20-да Yutong маркалы автобусының жүргізушісі Жұмабаев көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатып, Жансүгіров көшесінің шығысына қарай Жұмабаев көшесінде жолдың жүруге болмайтын бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. "Жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-45 жас аралығындағы белгісіз жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды", - деді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы басшысының орынбасары полиция полковнигі Салтанат Хишанло.