Жамбыл облысында жол бойында бірнеше жүк көлігі аударылды

Жамбыл облысында жол бойында бірнеше жүк көлігі аударылды

Жамбыл облысында жол бойында бірнеше жүк көлігі аударылды
ашық дереккөзі
Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Жамбыл облысы аумағындағы учаскесінде бірден бірнеше жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысы Полиция департаментінен мәлім еткендей, көктайғақ пен жолдың нашар көрінуінен жол апаттарына 7 көлік түскен. Бірнеше жүк көлігі жолдың тайғақтығы салдарынан аударылған. «Жол-көлік апаттарында зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиғалар тексеріліп жатыр», - деді ведомстводан. Айта кетейік, Жамбыл облысында ауа райының бұзылуы байқалуда – қар, көктайғақ және тұман. Қардың мол түсуіне байланысты полицейлер өңір аумағында күшейтілген қызмет режиміне көшті.