Ауыл көшелеріне жарық берілді

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарындағы ауылдарға жарық берілді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының «Nur Otan» партиясы Темір және Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көпбалалы аналар өтініш түсірген. Тұрғындардың өтініш жазуына электр сымдарының тозығы жетуі, мектептен шыққан балалардың қараңғыда қайтатыны, жел тұрса жарық өшіп қалатыны себеп болған. Осыған байланысты халық ауыл көшелеріне жарық беруді сұраған.

Осы мәселені шешу үшін аудан депутаттары жеке қабылдау өткізген, жауапты мекемелерге депутаттық сауал жолдап, жергілікті бюджеттен мүмкіндігінше қаржы қарастыратынын айтып, бақылауға алған.

Өтініш бойынша аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, арнайы мамандар көше шамдарын жөндеген.  Көшелердің электр желілері түгелдей ауыстырылып (4/35 СИП кабельіне), үйлерге (55 абонемент) дейін жаңа сымдар тартылып, 60 жарықшам орнатылған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button