Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда адасып кеткен оқушы табылды

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда адасып кеткен оқушы табылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мектептен кейін үйге оралмаған баласын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті хабарлады.

«Кеше сағат 14:57-де елорда тұрғыны ұлының мектептен шыққаннан кейін үйге оралмағандығын хабарлап, 102 нөміріне қоңырау шалды. Баланы іздеу үшін елорда полициясының жеке құрамына бағыттама берілді. Іздеу іс-шаралары барысында құқықтық тәртіпті қорғаушылар жоғалған жасөспірім болуы ықтимал орындарды тексеріп, өтіп бара жатқан адамдардан сұрау салды. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері баланы тапты. Жасөспірім мектептен шыққаннан кейін автобустан қателесіп, басқа бағдарға отырып кеткені анықталды. Бала отбасына оралды, туған-туыстарымен бірге», - деп атап өтеді департаменттен. Осыған орай полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының жүрген жерін бақылап отыру қажеттігін еске салады.