Жаңалықтар

Атырау облысында 7 баланың анасын өлтіріп кетті

ашық дереккөзі

Атырау облысында 7 баланың анасын өлтіріп кетті

Атырау облысының Құлсары қаласында 7 баланың анасын өлтіріп кетті. Марқұм бірнеше жерден пышақ жарақатын алған. 35 жастағы тұрғынның денесі 26 қараша күні таңертең табылған. 1986 жылғы әйелдің артында кәмелеттік жасқа толмаған 7 баласы жетім қалды. Көпбалалы ана жедел жәрдем көлігі келгенше қайтыс болып кеткен. Күдікті ретінде Жылой ауданының 25 жастағы тұрғыны үсталған. «26 қараша күні Құлсары қаласының 1986 жылы туған тұрғынының өліміне кінәлі 1996 жылғы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдары тікелей Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің бақылауында», - деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.