“Болашақ” ассоциациясы ҮЕҰ сыйлығымен марапатталды
“Болашақ” ассоциациясы ҮЕҰ сыйлығымен марапатталды
Х Азаматтық форум аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен ҮЕҰ сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін сыйлық – 2017 жылдан бері мемлекет тарапынан көрсетіліп келе жатқан қолдаудың негізгі тетігі. Жыл сайын республикалық, салалық және өңірлік деңгейде әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға 15 бағыт бойынша сыйлықтар табысталады:
1-бағыт: «Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу»
1. «Қызылжар Абай орта мектебі» қоғамдық қоры;
2. «Қазақстан триатлон федерациясы» қоғамдық бірлестігі;
3. «Болашақ» корпоративтік қоры;
4. «Көмектес» қоғамдық қайырымдылық қоры;
5. «Педагогикалық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігі;
6. «Басқару негіздернің мектебі» мемлекеттік емес мекемесі;
7. «Co-Make» қоғамдық қоры;
8. «Young researchers Alliance» қоғамдық бірлестігі;
9. «Есепші» Атырау облысының бухгалтерлер мен аудиторлар қоғамдық бірлестігі;
10. Академик Зейнолла Қабдолов атындағы жеке қор;
11. «Адам және қоғам» үкіметтік емес ұйымы» қоғамдық бірлестігі;
12. «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі
2-бағыт: «Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау»
1. «Болашақ» қоғамдық қоры;
2. Қарабеков Ағабек атындағы қоғамдық қор;
3. «Ключи к здоровью» қоғамдық қоры;
4. «Лучик надежды» мүгедек балалар мен олар тәрбиеленетін отбасыларға көмек көрсету қоғамдық қайырымдылық қоры
3-бағыт: «Қоршаған ортаны қорғау»
1. «Тұрақты дамуға көмектесу» орталығы» қоғамдық қоры;
2. «Жасыл тәжірибелер алқасы» қоғамдық бірлестігі;
3. «Өрлеу-Консалтинг» жастар қоғамдық бірлестігі;
4. «Серғали-Түркістан» облыстық қоғамдық бірлестігі
4-бағыт: «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау»
1. «ENACTUS KAZAKHSTAN» жеке қоры;
2. Павлодар облысының балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қауымдастығы;
3. «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігі;
4. Ақтөбе облысының жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы;
5. «Халықаралық әлемдік мәдени орталық «Әлем балалары» қоғамдық бірлестігі
5-бағыт: «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу»
1. «Жайық дауысы» қоғамдық бірлестігі;
2. «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі;
3. «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қоры
6-бағыт: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау»
1. «Альрами» клуб үйі» менталды ауыстқылары бар жандарға арналған қоғамдық бірлестігі;
2. «Мүгедек және ақыл-есі, дене бітімінің кемістегі бар балаларға қамқорлық көрсетуші ата-аналардың «Алпамыс» ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі;
3. «Замандас21» қоғамдық қоры;
4. «Талдықорған облыстық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі;
5. «РУХ - бейімдеу, оңалту және абилитациялау орталығы» жеке меншік мекемесі;
6. «Тараз - Анти ВИЧ» қоғамдық бірлестігі;
7. «Исток» балалар мен жастар шығармашылығы орталығы» қоғамдық бірлестігі;
8. «Қамқор» «Мүгедектерге және мұқтаж жандарға көмек көрсету және оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі;
9. «Солнечный мир» қоғамдық қоры;
10. «Алтын Бата» қоғамдық қоры;
11. «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігі;
12. «Азамат әлеуеті» жеке қайырымдылық қоры;
13. «Дәметкен» жеке қайырымдылық қоры
7-бағыт «Толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан жетім балаларға көмек»
1. «Аялаған Алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры;
2. «Нұр Әлем Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры;
3. «Отбасы академиясы» отбасына кешенді қолдау көрсету орталығы» қоғамдық қоры
8-бағыт: «Халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу»
1. «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры;
2. «ЭЛЬДАНИ» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры
9-бағыт: «Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау»
1. «Қазақстан балаларының қоры» қоғамдық қоры;
2. «Петропавл аудандық тұтыну кооперативтері пәтер иелерінің бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігі;
3. «Қостанай облысында кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу қауымдастығы» қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі»;
4. «Альтернатива» Медиация және Бітімгершілік Орталығы» қоғамдық бірлестігі
10-бағыт: «Мәдениет пен өнерді дамыту»
1. «Қазақстан қолөнершілер одағы» жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың бірлестігі;
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі»;
3. «BatikKami» мәдени қоры
11-бағыт: «Тарихи-мәдени мұраны қорғау»
1. «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры;
2. «Майдан жолы» павлодар іздестіру- зерттеу жасағы» қоғамдық бірлестігі;
3. «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі;
4. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі;
5. «Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы» жергілікті этномәдени қоғамдық бірлестігі
12-бағыт: «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту»
1. Алматы облыстық «Туган тель» татар этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі;
2. «Ардагерлер Ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі;
3. «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры
13-бағыт: «Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу»
Байқау комиссиясының шешімімен осы бағыттағы марапаттар «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» 6-бағытына қайта бөлінді.
14-бағыт: «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу»
Байқау комиссиясының шешімімен аталған бағыттағы марапаттар 1-ші «Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу» бағытына қайта бөлінді.
15-бағыт: «Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу»
1. «ЗУБР» консалтинг-орталығы» мекемесі;
2. «Ақпараттық ресурстық орталық» қоғамдық қоры;
3. «Қарағанды облысы кәсіпкерлер одағы» қоғамдық бірлестігі