Сәбиін 38 жерден пышақтап өлтірген атыраулық әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылады

Сәбиін 38 жерден пышақтап өлтірген атыраулық әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылады

Сәбиін 38 жерден пышақтап өлтірген атыраулық әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылады
ашық дереккөзі

Атырауда төрт айлық баласын өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Оған параноидтық шизофрения диагнозы қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы сәуірдің аяғында Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында әйел төрт айлық баласын өлтірді. Дәрігерлер баланың денесінде 38 пышақ жарақаты барын анықтаған. Содан кейін полиция қызметкерлері 99-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. 25 қарашада сот осы іс бойынша үкім шығарды. Сот-психиатриялық сараптама кісі өлтіру кезінде күдіктінің есі кіресілі-шығасылы екенін көрсетті. Оған параноидтық шизофрения диагнозы қойылды. Бұл оның қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, мәжбүрлеп емдеуге жіберілетінін білдіреді.