Зардап шеккендер бар: Елордада екі автобус соқтығысты

Зардап шеккендер бар: Елордада екі автобус соқтығысты

Зардап шеккендер бар: Елордада екі автобус соқтығысты
ашық дереккөзі

Елордада жолаушылар автобусы қарсы жолаққа шығып кетіп, екінші бір автобуспен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі мәліметі бойынша, жол апаты 26 қарашада сағат 10.50-де Байсейітова көшесінің бойында Шақпақ аялдамасы маңында болған.
"№20 бағыттағы автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, нәтижесінде №39 бағыттағы автобуспен соқтығысқан. Оқиға орнына келген полиция қызметкері №20 автобус жүргізушісіне хаттама толтырды, іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін анықтау бөліміне жіберіледі. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін тіркеу журналында көрсетілмеген, жолаушылар көлігін жүргізу бойынша 5 жылдық тәжірибесі бар. Рейс алдындағы медициналық тексеруден өту уақыты - 6.00, желіге шығуға рұқсаты бар", - деді CTS өкілі.