Мәжіліс депутаты халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болды

Мәжіліс депутаты халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болды

Мәжіліс депутаты халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болды
ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғали халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сонымен қатар Түркістан қаласында өтіп жатқан құрылтайда қоғамның вице-президенттері болып Максим Рожин мен Анар Фазылжанова сайланды. Басқосуда сонымен қатар қазақ тілінің қоғамдағы ролін дамыту талқыланып, тілге қатысты заңға өзгерістер енгізу ұсынылды. Айта кетейік, бүгін Түркістан қаласында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы өтуде. Ауқымды шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Парламент депутаттары қатысуда. Еліміздің барлық өңірінен келген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің, облыстар мен қала басшылары бастаған тіл жанашырлары өзекті мәселені талқылап жатыр.