Жаңалықтар

Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмған

Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағынан кейін көз жұмған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оtyrar.kz  мәліметінше бұл туралы Шымкент қаласы білім беру басқармасының басшысы Жанат Тажиева мәлмдеген.

«Мектеп директорының сөзінше, 7-сынып оқушысы 19 қараша күні дене шынықтыру сабағында өзін нашар сезінген. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімді мектептің медбикесіне алып барды. Медбике оны тексеріп, жедел жәрдем шақырған. Анасына дереу хабар берілді», – деді Жанат Тәжиева.

Жасөспірім жансақтау бөліміне түскен, 20 қарашада көз жұмған. Жанат Тәжиеваның айтуынша, жасөспірім дарынды балаларға арналған № 1 лицей-интернатының 7-сыныбында оқыған.

Баланың өліміне жүрек ауруы себеп болған.

 

Back to top button