Венгрияда Қазақстан әдебиеттер орталығы ашылды

Венгрияда Қазақстан әдебиеттер орталығы ашылды

Венгрияда Қазақстан әдебиеттер орталығы ашылды
ашық дереккөзі
Будапештте орналасқан Сечени  атындағы Венгрияның Ұлттық кітапханасында Қазақстан әдебиеттер орталығы ашылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов, Сечени  атындағы Венгрияның Ұлттық кітапханасының директоры Ласло Туске, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қызметтерінің басшылары Күляш Оразова, Майра Ермекбаева, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Қазақстандық әдебиеттер мен мәдениет орталығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасындағы Венгрия Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының әкімшілігі ашып отыр. Орталықтың ашылуы барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Сечени атындағы Венгрия Ұлттық кітапханасы арасында ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.