Алматы облысында заңсыз ішімдік шығарған цех анықталды

Алматы облысында заңсыз ішімдік шығарған цех анықталды

Алматы облысында заңсыз ішімдік шығарған цех анықталды
ашық дереккөзі
Алматы облысында алкоголь өнімдерін өндіріп келген жасырын цех анықталды. Қарасай ауданы, Әйтей ауылының тұрғыны өз үйінде антисанитарлық жағдайда арақ-шараптың танымал маркаларын бөтелкелерге құйып, ірі көлемде саудаға шығарып отырған. Қаржы мониторингі Агенттігінің Алматы облысы аумақтық департаменті мамандарымен тексеру барысында 7000 акциздік марка, әр түрлі алакоголь сусындарының 850 бөтелкесі мен қақпақтар және бөтелке жабатын қондырғыларды анықтады. Сондай-ақ құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 25 литрлік ыдыстар мен басқа да құрал-жабдық тәркіленді. «Аталған факт бойынша Қарасай аудандық сот үкімімен ҚР ҚК 233 бабы, 2-ші бөлігі бойынша ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат беріліп, тағайындалған жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау орнатылды. Және 300 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалған»,- деді Алматы облыстық экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Айнұр Ыдырысова.