Жаңалықтар

Желтоқсанда Байқоңырдан 3 зымыран-тасығыш ұшырылмақ

2021 жылдың соңғы айында Байқоңыр ғарыш айлағынан 3 ұшырылым жасау жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 24 қарашасында «Прогресс М-УМ» көліктік жүк кемесі мен «Причал» түйінді модулі бар «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды. «Причалдың» Халықаралық ғарыш станциясымен сәтті түйісуін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:30-дан бастап roscosmos.ru сайтынан көруге болады. Бұл – жыл басынан бері Байқоңыр ғарыш айлағындағы есеп бойынша 11-ші ұшырылым.

Жоспарға сәйкес, 2021 жылдың желтоқсанында Байқоңырдан тағы 3 ұшырылым белгіленген. 2021 жылдың 8 желтоқсанында «Союз МС-20» көліктік басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын ғарышқа жөнелту көзделген.

Экипаждар бір аптаға жуық уақыт Байқоңырда старт алдындағы даярлықтан өтіп жатыр. 12 желтоқсанда орта санаттағы «Экспресс-АМУ3», «Экспресс-АМУ»7 геостационарлық телекоммуникациялық аппараттары бар «Протон-М/Бриз-М» зымыран-тасығышы ұшырылмақ. Ал 27 желтоқсанда Байқоңырдан OneWeb спутниктерінің кезекті партиясы тиелген «Союз-2.1б» зымыран-тасығышын ұшыру белгіленді.

Back to top button