26 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

26 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі

26 қараша: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар күнтізбесі
ашық дереккөзі
1924 жылы Түркістан Республикасы Орталық партия комитетініңің органы ретінде «Ақ жол» атаумен жарық көрді. Алғашқы кезде газет облысқа және Сырдария, Жетісу губернияларына, Қарақалпақстанға тарады. 1925 ж. республика астанасы Қызылорда қаласына көшірілгенде газет сол қалада шыға бастаған «Еңбекші қазақ» газетімен біріктірілді. Ал 1929 ж. республика астанасы Алматы болған соң, Сырдария аймақтық партия комитеті мен атқару комитетінің органы ретінде «Ленин жолы» атауымен шыға бастады. 1932 жылдың көктемінде республиканың аумақтық құрылымдары қайта қаралып, облыстар құрылған кезеңде газет қазіргі «Оңтүстік Қазақстан» атауына ие болды. Газеттің негізін қалаған Т.Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, О.Жандосов, О.Исаевтар қатысты. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов, Бауыржан Момышұлының туындылары жарияланып тұрды. Газеттің тарихында ресми шыққан датасы деп 1924 жылдың 26 қарашасы көрсетілген. Зерттеушілер одан бұрын да шыққан дегенді алға тартады. 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында Төле бидің ескерткіші ашылды. 1997 жылы Алматыдағы көшелердің біріне мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, аудармашы, ғалым Мүсілім Базарбаевтың есімі берілді. Оның ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшеліктеріне, әдебиеттану мәселелеріне арналған. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерттеген. Иван Тургеневтің туындыларын қазақ тіліне аударған. Екі рет Еңбек Қызыл Ту және «Парасат» ордендерімен марапатталған. 2005 жылы «Ұлытау» тобының «Жұмыр, Қылыш» деп аталатын алғашқы жеке альбомының тұсаукесері өтті. Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйінің атымен аталған жаңа дискіге «Ұлытау» тобының орындауындағы 10 композициялық шығарма топтастырылған. Үнтаспа Мәскеудегі Владимир Осинскийдің студиясында жазылып, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Paramaunt Records» студиясында өңдеуден өткен. 2013 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні және Еңбек күні белгіленді. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Мәдениет және өнер қызметкерлеері күні 21 мамырда, Еңбек күні - қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. 2017 жылы 21 жастағы Жалғас Тайкенов Азия параканоэ чемпионатында Қазақстан тарихында алғаш рет топ жарды. Азияның он елінен 75 спортшы қатысқан турнирдің 200 метрге жарысының KL-3 квалификациясында жүйрік атанған отандасымыз финалда Иран өкілін артқа тастап, чемпион болды. 2018 жылы «Мерейтойлық және атаулы күндер» сериясымен «Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі» пошталық маркасы айналымға шықты. Пошталық марка төрт бояудан тұратын офсеттік баспа ретінде шығарылған. Таралымы - 20 000 дана. Бағасы 250 теңгені құрады. 2017 жылдың қаңтарында Қазақстан 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. 2019 жылы Семей қаласының тұрғыны Болат Қабжанов Испанияның Торревьеха қаласында алғаш рет өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шахматтан халықаралық турнирде бірінші орынды жеңіп алды. Халықаралық турнирге әлемнің 8 елінен 20-дан астам спортшы қатысты. Чемпионат Швейцария жүйесі бойынша екі түр бойынша өтті. Олардың екеуінде де қазақстандық бірінші орын алды.