Сұранысы аз 50 мамандық бойынша оқыту тоқтатылады
Сұранысы аз 50 мамандық бойынша оқыту тоқтатылады
Сұранысы аз 50 мамандық бойынша оқыту тоқтатылады, деп хабарлайды turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтады, деп хабарлады Білім және ғылыми министрлігінің баспасөз қызметі.
Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр. Мәселен, қазақстандық колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, гувернер, заңгер-консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылды. Сондай-ақ жіктеушіден "Білім беру ұйымының зертханашысы", "Патенттану" және басқа да мамандықтар алынып тасталды.
Біздің басты мақсатымыз – білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныстарына сәйкестендіру болып табылады. Сондықтан біз үлкен талдау жұмыстарын жүргізіп, еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Жұмыс берушілермен және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездестік. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, мамандықтар жіктеуішісін жаңарттық, - деді министрліктің ехникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
Енді қазақстандық колледждерде "Робототехника және ендірілген жүйелер", "Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы", "Өндірістің аддитивті технологиялары", "Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе", "Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері", "Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру", "Графикалық және мультимедиялық дизайн", "Тас өңдеу өндірісі", "Ландшафтық дизайн", "Жылжымайтын мүлікті басқару", "Дестинацияны басқару", "Құрылыстағы сметалық іс", "Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі" және басқа да жаңа мамандықтар оқытылады.