Алматыда жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін
Алматыда жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін
Алматыда қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы брифинг кезінде қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкім орынбасарының айтуынша, тарифті көтеру – міндет емес, қажеттілік.
«Тарифтерді өсіру қажет. Қазір жол ақысы 80 теңге. Біз тарифті ертең көтереміз деп отырған жоқпыз. Тарифті көтеретін болсақ, қала тұрғындарымен ақылдасатын боламыз. Бұл өте өзекті мәселе. Бұл сұраққа көктемде қоғамдық талқылаулардан кейін қайта ораламыз деп ойлаймын», - деді Серік Құсайынов.
Алматыда бүгінде 2400-ден астам қоғамдық көлік жұмыс істейді. Оның ішінде 515 газбен жүретін автобус, 196 троллейбус, 15 электробус және 1715 дизельді автобус бар. «Алматыэлектротранс» биылғы және алдағы жылдары газбен жүретін 300 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.