Жаңалықтар

Түркістан: Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинаудан рекорд көрсеткіш тіркелді

ашық дереккөзі

Түркістан: Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинаудан рекорд көрсеткіш тіркелді

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласының еңбекшілері 2021 жылды толайым жетістіктермен түйіндеп жатыр. Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығында 3,3 млн тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін Түркістандағы «Конгресс Холл» ғимаратында табысты жыл қортындыланып, «Altyn kúz-2021» мерекелік іс-шарасы өтті. Алдымен Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жұртшылыққа осы саладағы жетістіктер мен өнімдер, ғылыми ізденістер көрсетілді. Одан кейін салтанатты жиын өтіп, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барша диқандар мен малшыларды, агросала өкілдерін ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады.