Полиция елордалық көлік жүргізушілерге үндеу жасады

Полиция елордалық көлік жүргізушілерге үндеу жасады

Полиция елордалық көлік жүргізушілерге үндеу жасады
ашық дереккөзі

Полиция елордалық көлік жүргізушілерге үндеу жасады.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда аса мұқият болу керегін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қар толассыз жауғандықтан арнайы техника елорда көшелерін тазалау үшін тәуліктік режимен жұмыс істеп жатыр. Жүргізушілерді көлігін жол бойында қаңтармауға шақырамыз. Бұл қар күреу жұмыстары мен қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіреді. Жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық пен және қауіпсіз қашықтық режимін сақтаңыз», -деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция тұрғындарға қаладан алыстап шықпауға кеңес беріп отыр.
«Қала ішінде де діттеген жерге баратын маршрутты алдын ала жоспарлап, қозғалыс жолағын кенет ауыстырмау, аяқ астынан тежегіш баспау маңызды. Боран мен көктайғақ кезінде қозғалыс тәуекелі артады. Жаяу жүргіншілерге де өте мұқият болу керек. Жолдан өткен кезде гаджеттерге үңілмей, құлаққапты алып, айналаға назар салу қажет. Сондай-ақ қызмет көрсететін компаниялар өкілдеріне тұрғын үй кешендерінің ауласын қардан тазалау жұмыстарын уақтылы ұйымдастыру қажет екенін ескертеміз», - деп жазылған департаменттің мәліметінде.