Атырауда серіктестік директоры 1 миллиард теңгеден астам ақшаны Қытайға заңсыз шығарған

Атырауда серіктестік директоры 1 миллиард теңгеден астам ақшаны Қытайға заңсыз шығарған

Атырауда серіктестік директоры 1 миллиард теңгеден астам ақшаны Қытайға заңсыз шығарған
ашық дереккөзі

Атырауда серіктестік директоры 1 миллиард теңгеден астам ақшаны Қытайға заңсыз шығарған, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті "Монтаж-01" ЖШС директорының Қытай Халық Республикасына 2,9 млн астам АҚШ долларын шығару бойынша заңсыз әрекеттерінің жолын кескенін хабарлады. ҚХР тумасы Цуй Цуньде "Монтаж-01" ЖШС-нің Атырау филиалы атынан "Beijing True Fortune International Trading Co., LTD" компаниясымен "Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы" бойынша техникалық кеңес беру қызметтерін көрсетуге жалған мәміле жасаған. Бұл ретте, консультациялық қызметтер қажет болмаған және көрсетілмеген. Цуй Цуньдеге 1,3 миллион теңге айыппұл салынды.