Жаңалықтар

Атырауда серіктестік директоры 1 миллиард теңгеден астам ақшаны Қытайға заңсыз шығарған

Атырауда серіктестік директоры 1 миллиард теңгеден астам ақшаны Қытайға заңсыз шығарған, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Монтаж-01» ЖШС директорының Қытай Халық Республикасына 2,9 млн астам АҚШ долларын шығару бойынша заңсыз әрекеттерінің жолын кескенін хабарлады.

ҚХР тумасы Цуй Цуньде «Монтаж-01» ЖШС-нің Атырау филиалы атынан «Beijing True Fortune International Trading Co., LTD» компаниясымен «Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы» бойынша техникалық кеңес беру қызметтерін көрсетуге жалған мәміле жасаған. Бұл ретте, консультациялық қызметтер қажет болмаған және көрсетілмеген.

Цуй Цуньдеге 1,3 миллион теңге айыппұл салынды.

Back to top button