"Абай" шахтасындағы қайғылы оқиғаның себебі аталды

"Абай" шахтасындағы қайғылы оқиғаның себебі аталды

"Абай" шахтасындағы қайғылы оқиғаның себебі аталды
ашық дереккөзі

"Абай" шахтасындағы қайғылы оқиғаның себебі аталды, деп хабарлайды turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин "Абай" шахтасындағы оқиғаның себептерін айтты.
"Комиссия апат болған жерді екі рет тексеріп, куәгерлерден, қатысы бар адамдардан жауап алды. Техникалық құжаттаманы, бес сараптамалық кіші комиссияның және тәуелсіз сарапшылардың қорытындысын зерделеп, апат жазатайым оқиғадан болған деген қорытындыға келді", - деп хабарлады Ильин Қарағанды облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Оның айтуынша, комиссия бұл оқиға жұмысшылардың жұмыс орнында және жұмыс уақытында еңбек міндеттерін орындау кезінде апат салдарынан болғанын анықтады, яғни ол өндірістегі жазатайым оқиға ретінде есепке алынады және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актілермен ресімделеді.
"Комиссия осы жазатайым оқиғаға әсер етпеген бұзушылықтарды анықтады: бұл жұмысшылар мен техникалық инженерлік құрам санының жетіспеушілігі. Жұмыс беруші шахта алаңдарына геологиялық барлау жүргізбеген, жұмыс беруші жабдықтар мен технологиялық құрылғыларды уақтылы жаңартпаған", - деді Ильин.
Ол Комиссияның қорытындылары тергеу органдарына берілгенін және тергеу органдарының шешімі алдағы уақытта осы авариялық жағдайға кінәлі нақты лауазымды адамдарды анықтайтынын айтты. Еске сала кетейік, метанның лақтырылуына байланысты Абайдағы шахтада алты адам қаза тапқан болатын. Бұл 2021 жылдың 7 қарашасында "Абай" шахтасында болды. Факті бойынша ҚР ҚК 277-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін Элайдын Зейналов пен Жеңіс Маралбаев оқиғаның өз нұсқасын айтқан болатын.